СҚО полицейлері жаңа үлгідегі нысанды киімде қызметке түсті

СҚО полицейлері жаңа үлгідегі нысанды киімде қызметке түсті

Солтүстікқазақстандық полицияның сыртқы қызметтері жаңа үлгідегі нысанды киімде қызметке түсті. Петропавлдың патрульдік полицейлері және учаскелік полиция инспекторлары жарық шағылыстырлғыш элементтерімен матадан тігілген ерекшелік белгілері бар көк нысанды киімде қызмет атқарады.

Жаңа үлгідегі форма полицейлердің күнделікті жұмысында кездесетін әдеттен тыс жағдайларда іс-қимыл жасауына ыңғайлы болуы үшін арнайы әзірленді. Башлығы және жарық шағылыстырлғыш элементтері бар ашық түсті кеудешелер, әсіресе тәуліктің қараңғы түскен кезінде өте ыңғайлы. Жаңа үлгідегі нысанды киім-кешек бүгінгі күні Петропавлдың патрульдік полиция инспекторларына және учаскелік полиция инспекторларына, сондай-ақ бірқатар аудандардағы бөлініс қызметкерлеріне берілді. Жаңа нысанды киімді кезең-кезеңмен облыстағы ювеналдық полицейлер де алады.

«Полицейлерге арналған жаңа форма әзірлеу – ішкі істер органдарын жетілдіру бойынша Жол картасы тармақтарының бірі, - дейді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қанат Айтбаев. – Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында барлық қызмет «сервистік модельге» негізделген. Патрульдік полицейлер мен учаскелік инспекторлар халықпен тығыз байланыста жұмыс істейді. Сондай-ақ аталған бөлініс қызметкерлері тәулік бойы, кез келген ауа райы жағдайында және далада қызмет атқарады: оқиға орындарына, жол апаттарына, құқық бұзушылыққа алғашқылардың бірі болып шығады, сондай-ақ басқа да шұғыл шақыртуларға қызмет көрсетеді. Жаңа нысанды киім үлгісі жедел-қызметтік тапсырмаларды шұғыл әрі кәсіби орындауға ыңғайлы».

Петропавл қ. Полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны жыл басынан ізін суытпай 30-дан астам қылмыстың бетін ашты. Жол қозғалысы ережелерінің 4 мыңнан астам бұзушылығы анықталып, 30-дан астам мас жүргізуші ұсталды.

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО