Петропавл полицейлері масаң күйдегі қала тұрғынының үйінен шолақ мылтық тәркіледі

Петропавл полицейлері масаң күйдегі қала тұрғынының үйінен шолақ мылтық тәркіледі

«102» арнасына масаң күйдегі 61 жастағы қала тұрғыны тарапынан отбасылық жанжал фактісі бойынша қоңырау келіп түскен. Учаскелік полиция инспекторы мән-жайды анықтау кезінде үйден дара ауыз тегіс ұңғылы шолақ мылтық тауып алған. Келіп жеткен жедел-тергеу тобы қаруды тәркіледі. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігі «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Шолақ мылтық сараптамаға жіберілді. Осы баптың санкциясы ірі мөлшердегі айыппұлдан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

«3 ақпаннан бастап облыс аумағында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде», - дейді СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Серік Әлжанов. — Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері қару иелерін тексеруде, қаруды заңсыз сақтау фактілерін анықтауда. Осы мақсатты орындауға учаскелік инспекторлар да бағытталды. ЖПІШ кезінде шолақ мылтық пен патрондарды заңсыз сақтау бойынша 3 қылмыстық іс қозғалды. Тіркелмеген тегіс ұңғылы қаруды сақтағаны үшін 28 адам әкімшілік жауапқа тартылды».

Полицейлер облыс тұрғындарына тіркелмеген қару мен оқ-дәрілерді ерікті түрде тапсыру, адамның іс-әрекетінде өзге де қылмыс құрамы болмаса әкімшілік пен қылмыстық жауапкершіліктен босататындығын естеріне салады.