СҚО-да террористік тұрғыдан осал объектілердің басым бөлігі «дабыл түймесімен» жарақталған

СҚО-да террористік тұрғыдан осал объектілердің басым бөлігі «дабыл түймесімен» жарақталған

СҚО аумағында 700-ден аса террористік тұрғыдан осал объекті бар. Олардың үштен бірі – сауда-ойын-сауық орталықтары, супермаркеттер, тамақтану объектілері және адамдар жаппай жиналатын басқа да орындар. Қызметкерлердің және сауда объектілеріне келушілердің қауіпсіздігі СҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері өткізген вебинардың тақырыбы болды. Тәртіп сақшылары облыстың «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы филиалы алаңында Facebook әлеуметтік желісінде онлайн іс-шараларын өткізді. Бизнес өкілдеріне террористік тұрғыда осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын реттейтін заңнама нормалары туралы айтылды. Техникалық жарақтандырудың қажеттілігі атап өтілді. Аумақтың бейнебақылаумен толық қамтылуы, адамдар күзеті мен пульттік күзет – бұл шаралар, террористік шабуылдан қорғауға ықпал етіп қана қоймай, қоғамдық тәртіпті сақтауға да маңызды үлесін қосады.

«Дабыл түймесін» орнату мәселесі де жеке қаралды - деп атап өтті СҚО ПД ЭҚІҚБ бастығы полиция полковнигі Руслан Жарасбаев. Бүгінгі таңда облыста олармен террористік тұрғыда осал объектілердің басым бөлігі жарақталған, 100 пайызға дейін жарақтандыру міндеті тұр. Бұған қоса, дағдарыс жағдайында адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтаудағы шешуші сәттердің бірі – терористік қауіп туындаған жағдайда қызметкерлердің іс-әрекеттер алгоритімін білу. Қызметкерлер мен әкімшілікке арналған әдістемелік ұсыныстар кездесудің барлық қатысушыларына үлестірілді».