
Наурыздың 14 күні кешкі уақытта Советская-Пионерская көшелерінің қиылысында Петропавл қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында «Subaru Legacy» автокөлігінің жүргізушісін орта деңгейдегі масаң күйде ұстады. 32 жастағы қала тұрғыны көлікті автокөлік жүргізу құқығынсыз басқарған. Масаң күйдегі петропавлдыққа қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабы 6-бөлігі бойынша материал жинастырылды. Аталған баппен жиырма тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза қарастырылған (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру).
«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы облыс аумағында 14 наурыздан бастап өткізіліп келеді, – дейді Петропавл қ. ПБ бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Әлібек Ғабдуллин. – Бір күн ішінде «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық шарасы аясында полиция қызметкерлері жылдамдықты асырған 34 жүргізушіні анықтады, 15 - і жаяу жүргіншілер өткелінен өтпегені үшін, сондай-ақ 7 адам мас күйінде көлік жүргізген және 7 жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылған».
Жыл басынан бері Петропавлда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабы бойынша 54 жүргізуші жауапқа тартылды.