СҚО полицейлері 5 күн ішінде іздеудегі 10 тұлғаның жүрген жерін анықтады

СҚО полицейлері 5 күн ішінде іздеудегі 10 тұлғаның жүрген жерін анықтады

Қылмыскерлерді іздестіру жұмыстары басшылықтың ұдайы бақылауында. Қазіргі уақытта облыс аумағында «Іздестіру» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. ЖПІШ 5 күні ішінде 10 қылмыскердің жүрген жері анықталды. Қызметтік іссапар барысында петропавлдық жедел уәкілдер астаналық әріптестерімен Нұр-Сұлтан қ. аумағында ұрлық жасады деген күдікпен СҚО тұрғынын ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, кейін Солтүстік Қазақстанға жеткізіледі. Ал Петропавл қ. ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері бірнеше ауыр ұрлық жасауда күдіктіні ұстады, ол наурыздың басынан іздеуде болған.

«Әсіресе сот органдарынан қашып шет елге кеткісі келетін ауыр және аса ауыр қылмыс жасаудағы күдіктілерді іздестіруге ерекше назар аударылады, - дейді СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Руслан Назаров. – Аталған жұмыс шеңберінде облысымызда РФ Амур облысының ішкі істер органдарымен іздеудегі қылмыскер табылды, ал Өзбекстан полицейлері СҚО-да іздеудегі күдіктіні анықтады».

Операция наурыздың 9-18 аралығында өткізіледі.