ҚР азаматтығын ресімдеген зейнеткер солтүстікқазақстандық полицейлерге алғысын білдірді

ҚР азаматтығын ресімдеген зейнеткер солтүстікқазақстандық полицейлерге алғысын білдірді

Қырғызстанның 68 жастағы тумасы СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Айдын Қабдұлдиновтың атына алғыс хат жолдады. Ауыл тұрғыны басшылыққа және барлық ұжымға шексіз алғысын айта отырып, Аққайың ауданы полиция бөлімінің қызметкерлеріне ризашылығын білдірді. Осыдан 10 жыл бұрын әйел жанұясымен бірге Қазақстанға көшіп келген, қазіргі таңда Аққайын ауданының Черкасское ауылында тұрып жатыр. Белгілі бір жағдайларға байланысты зейнеткер азаматтыққа қол жеткізе алмады. Осы жылдар ішінде ол тұруға ықтиярхаты бойынша өмір сүрді. Өткен жылдың 3 қарашасында ол Аққайың аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметінің аға инспекторы Махаббат Сейітоваға жүгінді. Полиция майоры Қазақстан Республикасының азаматтығын алуда білікті көмек көрсетті. «Көші-қон бөлімінің қызметкері Махаббат Жәнібекқызына адамдарға деген ілтипаты, жақсы қарым-қатынасы үшін алғысымды білдіремін, – деп жазады ол. Сонымен қатар, учаскелік полиция инспекторы Хасенов Ерболдың ауылдағы қызметін атап өтті. – Черкасское ауылындағы жұмысы үшін алғыс айтамын». Жақында ауыл тұрғыны ҚР азаматтының жеке куәлігін алады.

СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Талғат Әбіловтің айтуынша, жыл басынан Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер 17 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен. 16 адам ҚР азаматтығын алып, 58 шетелдік тұруға ықтиярхатты рәсімдеді, 88 адам азаматтығы жоқ адамның куәлігін, 834 шетелдік пен азаматтығы жоқ адамдар – ҚР уақытша тұруға рұқсат алды.

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО