Тамшылап қатқан мұз, көктайғақ: Петропавлдың учаскелік инспекторлары абаттандыру ережесін бұзғаны үшін 150 ескерту жасады

Тамшылап қатқан мұз, көктайғақ: Петропавлдың учаскелік инспекторлары абаттандыру ережесін бұзғаны үшін 150 ескерту жасады

Петропавл қаласының учаскелік полиция инспекторлары абаттандыру ережелерінің сақталуын тексеруді күшейтті. Дүкендер, базарлар, дәріханалар, дәмханалар – полицейлер барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерді аралап, күн жылына бастаған кездегі тәртіп пен адамдардың қауіпсіздігін тексерді.

Жолдағы көктайғақ, тазаланбаған қар және шатырдан тамшылап қатқан мұз - мұның бәрі эстетикалық жағынан ғана емес, сонымен қатар шығынға немесе тіпті апатқа әкелуі мүмкін. Наурыздың 6-сы күні Назарбаев көшесіндегі мейрамханалардың бірінің төбесінен түскен мұз мекеме маңында тұрған көлікті зақымдаған. Оқиға орнына қоңырау түскен соң учаскелік полиция инспекторы барды. Шатырды қар мен мұздан уақтылы тазаламағаны үшін мейрамхана иесі ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы (Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру, сондай-ақ
инфрақұрылым объектілері, қаланың және елді мекендердің жасыл желектерінің жойылуы мен бүлінуі) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қалалық Полиция басқармасы қазір белсенді түрде ескерту жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтады. Мәселен, бір күн бұрын сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін қалада абаттандыру ережелерін сақтау бойынша кезекті тексеріс өтті. Рейд нәтижесінде түрлі ұйымдар мен кәсіпорындардың 159 жауапты тұлғасы жауапкершілікке тартылды. Бұл негізінен дүкендер, дәмханалар және басқа да нысандар. Ескерту түріндегі 159 хаттама, оның ішінде ҚР ӘҚБтК 505-бабының 2-бөлігі бойынша бір айыппұл салынды. Петропавл қаласы Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Әлібек Ғабдуллиннің айтуынша, жыл басынан бері облыс орталығында абаттандыру ережесін бұзудың 1158 фактісі анықталған.

Тәртіп сақшылары мен құтқарушылар тұрғындарды күн жылына бастағанда барынша сақ болуды сұрайды:
- Ғимараттың жанынан өтіп бара жатқанда жоғарыдан шу естілсе - қабырғаға қарай жақындай түсіңіз;
- Көшеде құлаққаппен жүрмеңіз - шатырдан құлап бара жатқан қардың дыбысын естімей қаласыз;
- төбеден түскен мұздақтан көлікке зақым келтірмес үшін шатыры тік келген ғимараттардың жанына көліктеріңізді қоймаңыз;

Балаларға абай болыңыз, мұздақ пен шатырдан тамшылап қатқан мұздың қаупі туралы ескертіңіз!

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО