
Ауа температурасының көтерілуіне байланысты төбеден мұз түсу қаупі артады. Еріген қар ауырлай түсіп, ғимараттардың маңынан өтіп бара жатқан не болмаса тоқтап тұрған көліктерге түсуі мүмкін. Балаларға қарайлаңыздар! Оларға бұл туралы ескертіңіздер! Жарақаттар мен оқыс оқиғалардың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар!
- Ескерту ленталарымен қоршалған аумақтарды айналып өтіңіздер. Қауіпті ғимараттардың маңымен жүрмеңіздер.
- Ғимарат маңынан өтіп бара жатқан кезде төбе жақтан дыбыстар естісеңіз, дереу ғимарат қабырғасына тығылып, сақтаныңыз.
- Көшеде құлаққаппен жүрмеңіз - төбеңізден түсіп келе жатқан қардың дыбысын естімеуіңіз мүмкін.
Автокөлік құралдарына мұзбен зақым келмес үшін көліктеріңізді шатыры еңіс ғимараттардың маңына қоймаңыздар.