
9 наурыз күні полицияға жоғалған балаларды іздеп табу өтінішімен Петропавл қаласының бірден екі тұрғыны жүгінді. 11 жастағы бала анасы азық-түлікке кеткен кезде үйінен шығып кеткен. Полицейлер жасөспірімді бір сағаттың ішінде ойын-сауық орталықтарының бірінен тапты. Түс кезінде тағы бір өтініш келіп түсті. Қала тұрғыны үшінші сыныпта оқитын баласының мектептен кейін жоғалғанын айтқан. Оның телефоны сол күні үйінде қалған екен. Алдымен ата-анасы баланы өздері іздестірген, Instagram-да хабарландыру орналастырған. Тәртіп сақшылары іздеуге ювеналдық және криминалдық полицияның жеке құрамын, сондай-ақ, жаяу жасақтарды және автопатрульдерді тартты. Әлеуметтік желілерге хабарландырулар тарату үшін еріктілердің көмегіне жүгінді. Кешке қарай пабликтерде бала табылды және аман-есен үйіне оралды деген хабар тарады. Ол досының үйінде ойнап отырып қалған екен.
«Абырой болғанда, жоғалған балаларды іздеудің соңы дәл осылай аяқталып жатады, - дейді Петропавл қ. ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімі ювеналдық полиция бөлімшесінің бастығы полиция подполковнигі Эльмира Абушева. – Көбіне далада достарымен ойынға алданып кету, телефондарының қуаты таусылып қалу не үйлерінде тастап кетуі себеп болып жатады. Жасөспірімдермен қиындау, олар өздерін есейгендей сезінеді. Туыстары әбігерге түсетінін түсінбейді, телефондарын сөндіріп тастайды. Кейде тіпті заңды өкілдерінің кәмелетке толмаған баласының қайда жүргенінен бейхабар болуы алаңдатады».
Мәселен, наурыздың 9-ы он алты жасар қалалық масаң күйде қоғамдық орында жүрген. Сол күні «Жасөспірім» жедел-профикалық іс-шарасы бастау алған болатын. Ювеналдық полицейлер рейдтер жүргізуге кірісіп кеткен. Басты назарда – ойын-сауық орындары, компьютерлік клубтар, жалға берілетін пәтерлер, демалыс базалары, саяжайлар. ЖПІШ алғашқы күні жасөпсірімдердің түнгі уақытта үйінен тыс жерде болудың 8 фактісі анықталды. Сонымен қатар, кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамаған 4 ата-ана жауапкершілікке тартылды.