24 жастағы аға лейтенант Зарина Елубаева петропавлдық учаскелік полиция инспекторлары жұмысынының тиімділігіне жауап береді

24 жастағы аға лейтенант Зарина Елубаева петропавлдық учаскелік полиция инспекторлары жұмысынының тиімділігіне жауап береді

Петропавл қалалық полиция ведомствосында ерлермен қатар 500-ге жуық әйел қызметкер еңбектеніп келеді. Солардың бірі – жергілікті полиция қызметі бөлімінің аға инспекторы полиция аға лейтенанты Зарина Елубаева. Оған үлкен жауапкершілік жүктелген. Еңбек жолын учаскелік полиция инспекторы болып бастаған. Ол бүгінде босатылғандарға бақылау жүргізіп, қаладағы 89 учаскелік инспектордың жұмысын қадағалайды.

«ҚР ІІМ Қостанай академиясын тәмамдаған соң қызметімді туған өлкемде жалғастырдым, - дейді полиция офицері. – Жұмысымды Петропавл қаласындағы № 13 учаскелік полиция пунктінен бастадым. Осы уақытта мол тәжірибе жинадым».

Заринаның анасы әскери қызметтің зейнеткері. Қызының бойына әйелдік қасиеттерді ғана емес, адал қызмет атқаруды және өжет болуды сіңірген. «Қызымды мақтан тұтамын. Зарина бос уақытын асүйде өткізгенді жақсы көреді. Дастарханымыз түрлі тағамдарға толы болады. Әсіресе, ұлттық тағамдарды дайындағанды ұнатады», - дейді анасы Айдын Сүлейменова.

Заринаның қызметтегі міндеттерінің бірі – бұрын істі болған тұлғаларды бақылау. Заринаның айтуынша, қылмыстың қайталап жасалуы қоғам үшін қауіпті. Жуырда полицияға 20 жастағы жергілікті бойжеткен жүгінген. Зарина оның проблемасына үңіліп, тыңдап көрді. Көп ұзама й мәселе учаскелік полиция инспекторларының көмегімен шешілді.

Петропавл қ. ПБ бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Әлібек Ғабдуллинің айтуынша, жас қызметкер ұжымда өз жұмысын ерекше жауапкершілікпен атқарады. Қоғамдағы жастары мен санаттары әр түрлі адамдармен тез тіл табыса кетеді екен.