СҚО-да әйел-полицейлерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

СҚО-да әйел-полицейлерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында салтанатты жиын өтті. Ведомствоның ерлер қауымы үлкен ұжымның нәзік жанды әріптестеріне көңіл бөліп, құттықтау тілектерін жеткізді.

Жеке құрамды құттықтай отыра, Айдын Қабдұлдинов СҚО полицияда погон таққан 409, 175 – мемлекеттік қызметші мен ерікті жалдамалы әйел қызмет ететінін атап өтті. Офицерлердің ішінде 10-ы басшы лауазымында. Әр қызметкердің еңбегі ерекше бағалы: «Әйелдер қолға алған жұмыс үнемі жауапкершілік әрі сапалы атқарылған іспен байланысты екендігі сөзсіз. Табандылық пен мақсатқа ұмтылыстың арқасында, сіздер отбасының қамқорлығы мен полициядағы жауапкершілігі зор күрделі мамандықты қатар алып келесіздер», - деп тоқтала кетті облыстық полиция басшысы.

Медальдар, төс белгілер, құрмет грамоталары, алғыс хаттар – 8 наурыз қарсаңында облыстық аппараттың қырыққа жуық, сондай-ақ қалалық және аудандық бөліністердің әйел қызметкерлері ІІМ министрінің және Полиция департаментінің құқығымен марапатталды. Айдын Қабдұлдинов еңбектеріне алғыс білдіріп, қызметтеріне сәттілік тіледі. Сонымен қатар, облыстық полиция ведомствосының басшысы күн сайын жерлестерінің тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтап, тәулік бойы қоғамдық тәртіп күзетіндегі тәртіп сақшыларына қамқорлық пен қолдау көрсететін жұбайлары мен аналарына алғысын білдірді.

Әйел полицейлердің шығармашылық қабілеттерін көрсеткен музыкалық бейнероликтер, сондай-ақ барлық көрерменнің жүректерін елжіреткен аналар мен әжелер жайлы бейнероликтер залға жиналған қыз-келіншектерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Мерекеге арналған жиын полиция қызметкерлерінің балалары мен СҚО ПД Мәдени орталығының әртістері өнер көрсеткен концертпен аяқталды. Мерекенің барлық күндері солтүстікқазақстандық полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, күшейтілген түрде қызмет атқарады.

Жуырда әйел қызметкерлерді ең ірі полиция бөлінісі – Петропавл қаласының Полиция басқармасында да құттықтады. Қалалық полицияның бастығы полиция полковнигі Жандос Мұқатов әйелдерді келе жатқан мерекелерімен құттықтап, жетекшілік етіп отырған ведомствосының погон тағып жүрген нәзік жанды әйелдеріне ризашылығын айтты.