
Болашақ тергеушілерді студенттік шақтан бастап тәрбиелеу — СҚО ПД тергеу және анықтау басқармасымен жүргізілетін кәсіптік бағдар берудің негізі. Солтүстік Қазақстан университетінің заң мамандықтарының студенттері үшін экскурсиялар, полиция қызметкерлерімен кездесулер және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылуда. Ақпан айында тәртіп сақшылары «Тергеуші – менің болашақ мамандығым» тақырыбында эссе байқауын жариялаған болатын. Оған 15 адам қатысты. Жастар кәсіби таңдау жасауға түрткі болған ойлары мен сезімдері жайында айтты. Байқау қорытындысы 1 наурызда шығарылды.
Екінші және үшінші орындарды үшінші курс студенті Карина Құсайынова мен екінші курс студенті Әмір Жаманбаев иеленді. Төртінші курс студенті Асылбек Қапаров жеңімпаз деп танылды. Ол өз еңбегінде ерте заманнан келе жатқан детективтік қызметтің тарихына тоқталды, қызметті жетілдіруге бағытталған заманауи процестерді көрсетті. «Тергеуші мамандығы бәсекеге қабілетті және көптеген артықшылықтарға ие», – деп жазады ол. – Тергеушілер үнемі ізденіс үстінде, жаңа нәрселерді үйреніп, жан-жақты дамып отырады...»
Марапаттауды өткізген СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Еңбек Семин жас жігіттің мамандықтың ерекшелігін дұрыс түсінетінін атап өтті. «Тергеуші мен анықтаушы ҚР-ның барлық нормативтік-құқықтық актілерін түсінуге, қажет болған жағдайда өзі үшін заңнаманың жаңа салаларын тез және толық зерделеуге міндетті, – деді ол. – Заңгер де, психолог та болу керек. Бұл қызметтер полицияның ең таңдаулы салалары болып саналуы кездейсоқ емес және адамдарға білім алуға қабілетті дамыған адамдарға деген қажеттілік әрқашан жоғары болып келеді».