
СҚО негізгі музейі полицейлерге есігін айқара ашты. Жас полицейлер- курсанттар, сержанттар және кіші офицерлер Алғыс айту күніне арналған экскурсияға шақырылды. Оларға мерекенің тарихы, тұтастай бір этностардың жер аударуы кезеңінде қазақ халқының оларға қол ұшын созып, бір үзім нандарын бөліскені туралы айтылды. Тәуелсіздік залында өлкемізде түрлі ұлт өкілдерінің тұратынын көрсететін экспонаттар жиналған. Олардың басым бөлігі – облыс тұрғындарының сыйы. Әсіресе, музей қызметкерлері үшін Қазақстандағы Польша елшісі сыйға тартқан ұлттық әйелдер киімі ерекше қымбат. Бұнымен қоса, 100 жылдай бұрын қолданған татар қыздарының әшекейі және бас киімі саналатын калфак, жаңа дайындалған майға арналған неміс фунтницасы және сығу мен кір жазуға арналған оқтауы бар орыс рубелі де аса бағалы. Көненің көзі болып саналатын жәдігерлер – бұрын тұрмыста қолданған бай мәдени мұра болып табылады.
«Біз музейге қуана-қуана келдік, - деп әсерімен бөлісті СҚО Полиция департаменті Арнайы және жұмылдыру басқармасының инспекторы полиция лейтенанты Серафима Окишева. – Полиция департаментінде 20-дан астам ұлт өкілдері қызмет етеді – барлығымыз бірлесе қызмет етіп, еліміздің және азаматтардың қауіпсіздігі үшін еңбек етудеміз».
СҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Сәуле Андағұлованың айтуынша, Алғыс айту күні жас қызметкерлердің патриоттық тәрбиесіне бағытталған іс-шаралардың қатарында ерекше орынға ие. Облыстық өлкетану музейіндегі экскурсия СҚО Полиция департаменті Кадр саясаты басқармасымен және облыс ұйымдарымен тығыз қарым-қатынас жасайтын ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімімен бірлесе ұйымдастырылды. Мақсаты – жас қызметкерлерге көп ұлтты қоғамымыздың басты құндылығы – ауызбіршілік екенін еске салу және оны сақтау үшін погондағы адамдар тынымсыз еңбек етуде.