Петропавл полицейлері рецидивист-ұрыны «ізін суытпай» ұстады

Петропавл полицейлері рецидивист-ұрыны «ізін суытпай» ұстады

Петропавл полицейлері ұрлық жасады деген күдіктіні ұстады. Ақпанның 3-не қараған түні қала тұрғыны көршілес салынып жатқан үйдің маңынан қозғалған автомашинаны байқайды. Дереу үй иесіне хабарласады, келіп жеткен иесі мүліктерін тексеріп, гаражынан дәнекерлеу аппаратының екі оттегі баллонының жоғалғанын анықтайды. Шығын сомасы 100 мың теңгені құраған. Жәбірленуші Петропавл қ. ПБ Екінші ПБ жүгінді. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-т. «Ұрлық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Павлодар облысының 26 жасар тұрғыны «ізін суытпай» ұсталды. Ол бұрын ұқсас қылмыстар жасағаны үшін полицейлердің назарына іліккен болатын. Сонымен қатар, қазіргі уақытта оған қатысты қылмыстық істер сотта қаралып жатыр. Ұрланған зат алынып, иесіне қайтарылды.

«Полицияға уақтылы жүгіну, қырағылық таныту – қылмыстың алдын алу және оны ашу жұмысындағы сенімді құрал, - дейді Екінші ПБ бастығы полиция подполковнигі Руслан Сыздықов. – Орын алған оқиға, заңдылықтың және құқықтық тәртіптің жағдайы – халық пен полицияның ортақ ісі екендігін дәлелдей түседі.