Сәуле Андағұлова СҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары болып тағайындалды

Сәуле Андағұлова СҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары болып тағайындалды

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің аппараттық кеңесінде ведомство басшысы полиция полковнигі Айдын Қабдұлдинов СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Сәуле Андағұлованы жеке құрамға таныстырды.

Сәуле Тыныштыққызы Андағұлова Қостанай облысында туған. 1991 жылы Петропавл педагогика институтын, 2002 жылы ҚР ІІМ Академиясын аяқтады. Ішкі істер органдарындағы қызметін Наурызым АІІБ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектор лауазымынан бастады. Тергеу бөліністерінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды, оның ішінде СҚО ІІД Тергеу басқармасы бастығының орынбасары лауазымы да бар. Соңғы жылдары СҚО ПД Штабына басшылық етті.

ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен 18 ақпан полиция полковнигі Сәуле Андағұлова СҚО ПД бастығының орынбасары болып тағайындалды. Сәуле Тыныштыққызы кадр саясаты мәселелеріне жетекшілік ететін болады.