СҚО полицейлері жыл басынан бері 44 із-түзсіз жоғалғанды іздестірді

СҚО полицейлері жыл басынан бері 44 із-түзсіз жоғалғанды іздестірді

Із-түзсіз жоғалғандарды іздестіру —криминалдық полиция жұмысының басты бағыттарының бірі. Әрбір факті бойынша барлық сыртқы бөліністер дереу бағдарланады, көбінесе іздеуге әлеуметтік желілерде бағдарларды тарататын еріктілер қосылады. Көбінесе жоғалудың себебі алкогольді асыра пайдалану болып табылады. Мұндай жағдайларда полиция әдетте ойын-сауық мекемелерінен, жалдамалы пәтерлерден немесе ішімдікке құмар таныстарының ортасынан жоғалған адамдарды іздейді. Бұл тек ерлерге ғана қатысты емес. 9 ақпанда Петропавл қаласының тұрғыны 28 жастағы әйелінің жоғалып кеткені туралы полицияға арызданған. Келесі күні полицейлер оны құрбысының үйінен мас күйінде тапқан.

"Бұл жалғыз жағдай емес, — деп хабарлайды СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Марат Жұмалиев. - Адамдар туыстарын "демалу жоспарлары" туралы хабардар етпей кетіп қалады, көңіл көтеруге кедергі болмас үшін телефондарын өшіреді. Бұл полицияның іздестіру іс-шараларына айтарлықтай ресурстар жұмсауына әкеледі. Қаңтар айынан бастап облыс бойынша полицияға хабар-ошарсыз кеткендер туралы 44 өтініш келіп түсті. Олардың барлығы іздестіріліп, кезекші тәулік ішінде 42 адамның орналасқан жері анықталды".