Петропавл полицейлері көлік жүргізушілері арасында интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде

Петропавл полицейлері көлік жүргізушілері арасында интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде

Петропавл полицейлері қала тұрғындары мен қонақтарын интернет кеңістігіндегі алаяқтық туралы хабардар етуді жалғастыруда. Жадынамалар, брошюралар және жеке түсініктемелер – бұл полиция қызметкерлерінің профилактикалық жұмыстарының бірі. Петропавл қ. Полиция басқармасының қызметкерлері интернет-алаяқтыққа жол бермеу жөніндегі акцияны апта сайын жүргізеді. Бұл жолы учаскелік инспекторларға патрульдік полицейлер де қосылды. Олар жүргізушілерге ақпараттық брошюралар тарату арқылы киберқылмыскерлердің қауіптілігі туралы хабарлады. Автокөлік жүргізушілері ризашылықтарын білдіріп, қарт туыстарына, көршілеріне және таныстарына полицияның барлық ұсыныстарын айтуға уәде берді.

«Мен интернеттегі алаяқтық схемалар туралы жиі естідім. Көптеген жағдайларда ОLX, Kolesa.kz қосымшаларында. Мұндай жағдайларға тап болған таныстардың айтуынша, алаяқтар ақшаның бір бөлігін аударуды ұсынады, содан кейін бүкіл мәселе шешіледі. Өзім олардың қулықтарына іліккен емеспін», – дейді Александр.

Жыл басынан Петропавлда интернет-алаяқтықтың 50-ден астам фактісі тіркелген. Схеманың ең көп таралған түрі – «банктен қоңырау шалу». Жалған қызметкер адамға несие алуға тырысқандарын, жеке деректерді, банк карталарының деректемелерін, SMS-кодтарды, логиндер мен парольдерді жіберу керектігін сендіреді. Осы жылы Петропавл қаласында 22 факті тіркелді. Қаскөйлер әлеуметтік желілер мен қосымшаларды белсменді қолданады. Тегін хабарландырулар сайты арқылы 12 адам алданып қалды. 8 адам Kolesa.kz қосымшасында машина сатып алмақ болып, алданып қалған.

«Интернет-алаяқтар смартфондар мен компьютерлерге арналған қашықтан қол жеткізу бағдарламалары арқылы жаңа схемалар мен сценарийлерді қолданады», – дейді Петропавл қ. ПБ бастығы полиция полковнигі Жандос Мұқатов. – Алаяқтар көбінесе басқа қалалар мен елдерден жұмыс істейтінін еске саламыз. Қоңырау шалушылардың ақпаратын жіті тексеріп алған абзал. Өз деректеріңізді ешкімге айтпаңыздар».