
Жыл басынан СҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерде діни мазмұндағы медиафайлдарды таратудың 2 фактісін тіркеді. Олар бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабы Қазақстан Республикасының діни қызмет туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік өндіріс қозғалды. Бұдан бөлек, экстремистік сипаттағы материалдарды таратудың 1 фактісі анықталды. Құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК 453-бабы бойынша айыппұл салынады. Аталған материалдар бойынша сараптамалар тағайындалды, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.
СҚО полицейлері облыс тұрғындарына діни мазмұндағы материалдарды тарату ережелерін еске салады. Интернет-ресурстарын қолдану қарым-қатынас жасауды және ақпаратпен алмасуды жеңілдете түсті, - дейді СҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Руслан Жарасбаев. – Мессенджерлерде және әлеуметтік желілерде ақпараттарды қайта жолдау әдеттегі іске айналды. Алайда, заңнама талаптарына сәйкес діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды діни ғимараттарда, діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар арнайы белгілеген стационарлық үй-жайларда ғана таратуға болатынын білген жөн. СҚО аумағында осындай арнайы 16 дүкен жұмыс істейді.
https://vk.cc/cb8Pu3