Петропавлда адам өлтірді деген күдікпен 40 жастағы әйел ұсталды

Петропавлда адам өлтірді деген күдікпен 40 жастағы әйел ұсталды

Петропавл полицейлері адам өлтірді деген күдікпен тұрғылықты жері жоқ әйелді ұстады. Көптеген пышақ жарақаты салынған 30 жастағы ер адамның мәйіті 5 ақпан күні Брусиловский көшесіндегі жылу трассасының құдығында анықталды.

Оқиға орнына Петропавл қ. Полиция басқармасы жедел-тергеу тобының қызметкерлері барды. Жүргізілген тергеу амалдары арқылы қылмысқа тұрғылықты жері жоқ 40 жастағы әйелдің қатыстылығы анықталды. Жедел-тергеу іс-шаралары шеңберінде бірер күн бұрын олар құдықтың ішінде спирттік ішімдікті ішіп отырғаны белгілі болды.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдікті Петропавл қ. Полиция басқармасының уақытша қамауда ұстау изоляторына қамалды.