СҚО-да дүйсенбіден "Балалардың жолдағы қауіпсіздігі" жедел-профилактикалық іс-шарасы бастау алады

СҚО-да дүйсенбіден "Балалардың жолдағы қауіпсіздігі" жедел-профилактикалық іс-шарасы бастау алады

Бірер күн бұрын СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі аппаратының қызметкерлері Петропавл қ. Мағжан Жұмабаев ат. мектеп-лицейінің оқушыларына Жол қозғалысы ережелеріне арналған бірнеше сабақ өткізді. Полицейлер жұмбақтар, тапсырмалар, викториналар, ойын түрінде елуден астам балаға ақпарат жеткізді, олар өз кезегінде өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Аталған жұмыс патрульдік, ювеналдық полиция, сондай-ақ учаскелік полиция инспекторларымен ұдайы негізде жүргізіледі.

Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің ақпараты бойынша, жыл басынан балалардың қатысуымен жол-көлік оқиғалары тіркелмеген. Бұл ретте 2021 жылғы қаңтар айында 2 жол-көлік оқиғасы орын алған, екі адам зардап шеккен.

«Дүйсенбі бастап облысымызда «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» онкүндік республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы бастау алады», —дейді СҚО ПД ЖПҚБ бастығы полиция подполковнигі Айдын Байматов. —Басты міндет—қыста балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу. Патрульдердің бағыттары оқу орындарына жақындастырылады. Әкімшілік полиция қызметкелері оқу орындары мен жаяу жүргіншілер өткелдері маңындағы жол-көше желілеріне мониторингті күшейтетін болады. Мектептер мен мектепке дейінгі білім беретін мекемелерде профилактикалық жұмыс жандырылады; инспекторлар онлайн және офлайн режимдерінде дәріс өткізеді, тақырыптық буклеттер мен жадынамалар таратады. Сонымен қатар мектеп автобустарының жағдайы тексерілетін болады».

Жолдың жүріс бөлігінде ойнауға болмайды, көлік көп жерде жолды тек белгіленген жерден және бағдаршамның жасыл түсіне ғана өту, қайырмалы бас киімнің астындағы музыка қосылған құлаққапты сөндіру— полицейлер ақпанның соңғы апталарында балалардан осы қарапайым ережелерді сақтау қажеттігін сұрайды. Қыста көлікті тежеу айтарлықтай қиындай түседі, сондықтан жаяу жүргінші Жол қозғалысы ережелерін сақтаған күннің өзінде аса қырағылық таныту керек, —дейді полицейлер.

Жыл басынан СҚО-да 15 ЖКО тіркелген, нәтижесінде 6 адам қаза тапқан және 20 адам жарақат алған.