
Солтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкерлері Петропавл қаласының ПИК төрағаларымен өткен жұмыс кездесуінде мүліктік қылмыстардың алдын алу және басқа да мәселелерді талқылады. СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қанат Айтбаевтың төрағалығымен өткен жиын бейнеконференцбайланыс арқылы өтті.
Солтүстік Қазақстан облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Марат Жұмалиевтің айтуынша, жыл басынан бері облыста 65 пәтер тоналған. «Көбінесе қаскөйлер өз ойларын жүзе асыру үшін объектілерді алдын ала зерттеп, бейнебақылау немесе күзеттің жоқтығына көз жеткізе отыра, қылмыс жасайды, - деді ол. – Тұрғындарға үйдің аумағы мен балалар алаңдарын қамтитын бейнекамералар орнатудың, пәтерлерді күзет тетіктеріне қосудың тиімділігін түсіндіруді ұсынамыз. Бейнекамералар орнатылған жерлерде қылмыс саны азайғанын талдау көрсетіп отыр». Сондай-ақ, ол ПИК төрағаларын интернеттегі алаяқтықтың алдын алуға атсалысуға шақырды. Жыл басынан бері мұндай 45 факті тіркелген. Полицейлер бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде түсіндірме жұмыстарын жүргізуде, төрағалар да «банктен қоңырау шалудың» қауіптілігі мен интернет арқылы сатып алу кезіндегі шектен тыс сенімділік туралы айтып бере алады. Профилактикалық ақпаратты учаскелік полиция инспекторларынан алуға болады. Оны тұрғындардың назарына жеткізіп, жақындарымен бөлісу керек.
Негізінен ПИК төрағалары бейнебақылау орнату тәртібіне қатысты сұрақтар қойды. Кездесуді қорытындылай келе, Қанат Айтбаев: «Полиция қылмысқа қарсы күрес бойынша ауқымды шараларды қолға алуда, бірақ сіздердің көмектеріңізсіз проблемаларды жоямыз деп айту мүмкін емес. Сіздің жұмыстарыңыздың ерекшелігі құқық қорғау органдары мен қоғам арасындағы диалогты нығайтуға мүмкіндік береді, бұл сервистік полицияны құрудың негізгі факторларының бірі болып табылады» деді.