
Құрметті Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтары!
4 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде синоптиктердің болжамы бойынша сырғыма, тұман күтілуде. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін.
Осыған байланысты ауа райының өзгерістерін ескере отырып, алыс сапарға шықпауларыңызды сұраймыз. Жолға шығар алдында көлік құралының техникалық жағдайын тексеріп алуды естеріңізге саламыз.