СҚО-да ауыл тұрғыны бос тұрған үйде тіркелмеген қаруды сақтаған

СҚО-да ауыл тұрғыны бос тұрған үйде тіркелмеген қаруды сақтаған

СҚО полицейлері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы режимінде жұмыс істеуде. Жедел-профилактикалық іс-шараның баса назар аударатын бағыттарының бірі – қарудың қылмыс құралына айналу қаупін жою. Осы мақсатта қару иелері тексеріліп, заңсыз сақтау фактілерін анықтау бойынша жұмыс күшейтілді. Мәселен, Қызылжар ауданының тұрғыны бос тұрған үйдің қоймасында тіркелмеген қаруды сақтап келген, бұл жерде оның қолды болу қаупі жоғары болған. Аталған қару алынды. 14 күннің ішінде заңсыз сақталған 6 тегіс ұңғылы қару тәркіленді. Бұзушылар жауапқа тартылды.

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде сақтау ережелерін және тіркеу мерзімдерін бұзудың 9 фактісі анықталды, - деді СҚО Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қанат Айтбаев. – Азаматтар қаруды сақтауға арналған сейфтерде бөгде заттарды сақтайды, қалада тұратын қару иелері міндетті түрде орнатылатын дабыл белгісінің жарамдылығын тексермейді. Мұндай жағдайларда қару бұзушылықтар жойылғанға дейін алынады. Облыс тұрғындарын қауіпті заттарды сақтауға қатысты сақ болуға шақырамыз».