
Өткен жылдың қорытындылары туралы сөз қозғай келе, СҚО полицейлері соңғы бес жылда байқалып отырған қылмыс санының төмендеу үрдісін атап өтті. Қылмыстың ең таралған түрлеріне жататын ұрлық саны айтарлықтай азайған. Жалпы 9%-дан аса төмендеген. Мәселен, ұялы телефондардың ұрлығы өткен жылмен салыстырғанда үштен бірге, яғни 458-ден 306 фактіге төмендеді. Тәртіп сақшылары мұндай жақсы көрсеткішке қол жеткізу себебі бөтеннің мүлкін ұрлауды ескерту және жолын кесуге бағытталған жоспарлы іс-шаралар кешені екенін атап өтті. Іс-шараларға халықтың арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу, бейне бақылау ауқымын ұлғайту және тағы басқа шаралар жатады. ЖСН-ді пайдаланушының телефонына байлау туралы заңнама да септігін тигізуде.
«Ұялы телефондар көп жағдайда көңіл көтеру орындарында немесе пәтерлерде қолды болып жатады, - деді СҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция бастығы полиция подполковнигі Марат Жұмалиев. – Қоғамдық орындардағы сақтық ережелері туралы да ұмытпаған жөн, қымбат гаджеттерді назардан тыс қалдырмай, шалбардың артқы қалтасында ұстамау керек. Қырағылықты жоғалту – қылмыстың жасалуына жол беруі мүмкін».
Ұрлық орын алған жағдайда дереу полицияға жүгіну қажет. Тәртіп сақшылары полицияға уақтылы жүгіну қылмысты «ізін суытпай» ашуға мүмкіндік беретіні туралы атап өтті.