
Петропавл полицейлері қала тұрғындарын интернет алаяқтықтың қаупі туралы жеке ескертеді. Петропавл қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері қашықтықтан жасалатын алаяқтықты ескерту бойынша жұмысты күшейтті. Жедел уәкілдер мен учаскелік инспекторлар интернет кеңістігіндегі алаяқтар әрекеттерінің қаупі жайлы түсінік беретін брошюралар мен плакаттар таратты.
Қаңтар айының басынан қалалық полицияға интернет алаяқтық туралы 30 аса арыз келіп түсті. Қазіргі таңда істер өндіріске алынған. Жедел-іздестіру іс-шараларымен қатар тәртіп сақшылары профилактикалық жұмысты да күшейтті: кезең-кезеңімен ірі сауда үйлерін, базарлар мен өзге де қоғамдық орындарды тексеруде. Криминалдық полиция қызметкерлері брошюралар таратып, адамдармен жеке әңгіме жүргізуде. Қалалықтар өздерінің қарт туыстарына, көршілері мен таныстарына полицияның ақыл-кеңесін жеткізе отыра, бұл жұмысқа түсіністікпен қарайды.
Тексерулер мен әңгімелесулерден бөлек, полицейлер өзге де тиімді ресурстарды: мессенджерлер мен әлеуметтік желілердің әлеуетін белсенді пайдаланады. Еріктілер және педаготардың қолдауымен ата-аналардың чаттарына ұдайы профилактикалық видеолар, жаднамалар мен ұсыныстар жіберіп отырады. Талдау: жастар мен орта жастағы адамдардың интернет алаяқтардың әрекеттері мен айлалары жайлы жалпы жақсы хабардар екендігін және ескертілгенін көрсетті. Зейнеткерлердің хабардар болуы әлі көңіл көншітпейді. Осыған орай, профилактикалық іс-шаралар жалғасатын болады
«Қалалықтарды өздерінің жеке мәліметтерін; банк карталарының реквизиттерін, SMS-кодтарды, логиндар мен құпия сөздерді ешкімге бермеулерін сұраймыз. Интернет-алаяқтар үнемі жаңа айла-амалдарды қолданып тұрады, смартфондар мен компьютерлерге қашықтықтан қол жеткізу бағдарламаларын пайдаланады, олардың басты мақсаты – қаражатқа қол жеткізу. Қылмыскерлер қылмыстық әрекеттерін көбіне басқа қалалардан, тіпті басқа елдерден жасайды. Осыған байланысты алаяқтарды анықтауға көп уақыт пен күш жұмсалады. Тұрғындарды сақ болуға, күдікті абоненттермен сөйлеспеуге, олармен хабарлама алмаспауға шақырамыз. Барлық жағдайда өз банкіңіздің call-орталығына және полицияға хабарласу қажет,- дейді Петропавл қ. Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Жандос Мұқатов.