
Солтүстікқазақстандық полицейлер ведомство ардагерлері мен жалғыз басты зейнеткерлерге қолдау көрсетіп отырады. Аққайың ауданында тәртіп сақшылары қолдарына күрек алып, төрт егде жастағы адамның аулаларын тазартуға қолғабыс етті. Өңір климаты - қара тазалау, отын мен су әкелу сынды күнделікті тірлікте көмекті қажет ететін істерді атқаруды алға тартады. «Үйлеріне барып, жағдайларын сұраумен қатар, қарт адамдарға үнемі қамқорлық танытамыз, — дейді аудандық ПБ бастығы полиция подполковнигі Руслан Сапаров. — Адамдарды топтарға бөлу әдісі бойынша көмекке мұқтаж жандарға, әр қызметкер жұмысқа келе жатқан кезінде күн ара оларға барып, қол ұшын береді».
Мұндай жұмыс облыс бойынша атқарылуда. СҚО ПД және Ұлттық ұланы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақан Сыздықовтың айтуынша, ұйымның назарына 2360 адам алынған. Олардың әрқайсысы қиын сәтте бұрын қызметтес болған әріптестеріне жүгіне алады. «Әр өтініш қараусыз қалмайды, - дейді ол. Өткен жылы Ардагерлер кеңесі материалдық көмек көрсету үшін миллион теңгедей бөлді. Жиырма адамға санаторлық-курорттық ем қабылдауға көмек көрсетілді. Орындардағы «бастауыш» ұйымдардың төрағалары барлық жағдайдан хабардар, зейнеткерлеріміздің қажеттіліктерін сұрап-біліп, оларға қызметтегі полиция қызметкерлерімен бірлесіп жәрдем көрсетуде».
Тыл еңбеккерлері мен жалғыз басты зейнеткерлер де назардан тыс қалмайды. СҚО-дағы ІІО және Ұлы Отан соғысының соңғы ардагері Григорий Красильниковке полицейлер ерекше құрметпен қарайды. Өткен желтоқсан айында полиция генерал-майоры Марат Төлебаев оны 100 жылдық мерейтойымен құттықтады. Полиция ақсақалдары, өз еңбек жолын еліміз бен құқықтық тәртіпті сақтауға арнаған адамдар – оларға қамқорлық таныту погондағы адамдар үшін абыройлы іс болып табылады.