
СҚО полицейлері «жасыру» әдісімен психотроптық заттарды сақтауда және таратуда күдікті – Петропавл қаласының тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу материалдарын сотқа жолдады.
2021 жылдың шілдесінде СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен синтетикалық есірткі таратумен айналысқан Петропавл қаласының 24 жастағы тұрғыны ұсталды. Жас жігіттен «тұзға» ұқсас зат бөлініп салынған 23 полимер орамасы анықталып, алынды, сондай-ақ ұқсас заттар жасырылған 22 орынды көрсетті. Тәркіленген психотроптық заттардың жалпы салмағы 31,32 граммды құрады. Бұл аса ірі мөлшер болып саналады.
Қазіргі уақытта ұсталған ер адам күзетпен қамауға алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша қозғалған қылмыстық іс сотқа жіберілді.