СҚО-да полицейлер мектеп автобустарының техникалық жағдайын тексеруде

СҚО-да полицейлер мектеп автобустарының техникалық жағдайын тексеруде

Балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басты міндеттердің бірі болып табылады. Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер мен ұстаздар кішкентай жаяу жүргіншілер мен жолаушылардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын ескерту бойынша іс-шаралар кешенін жүргізуде.

Үшінші тоқсанның басталуына байланысты Мамлютка қаласында полицейлер аудандық білім бөлімімен бірлесіп, балаларды білім ошақтарына тасымалдайтын көлік құралдарын тексерді. 10 «ГАЗель» және екі «ПАЗ» автобустары ауылдық округтер мен аудан орталығындағы мектептер мен интернаттардағы балаларды тасымалдауға жиі жұмылдырылады. Дәл осы автобустар кей кездері балаларды облыс орталығына әкеледі. Тәртіп сақшылары автобустардың техникалық жағдайын, нақтырақ айтқанда, сары жарқылдауық маяктың бар болуын, тану белгілерін, артқы есіктердің қол жетімді болуын, дәрі қобдишасын, өрт сөндіргішті, сондай-ақ көлік дөңгелектерінің рәзеңкесін тексерді.

Тексеру нәтижесі бойынша ауылдық округтердің бірінің «ГАЗель» көлігінің жүргізушісіне кемшіліктерді жою жөніндегі акт жазылды және дөңгелектерінің рәзеңкелері тиісті жағдайда болмағандықтан көлікті пайдалануға тыйым салынды. Кемшілік келесі күні жойылды. Дөңгелектер алмастырылды.

Мамлют ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Петр Климовтың айтуынша, жұмыс күндері аудан орталығы ішінде «ПАЗ» автобусы балаларды үш мектеп пен екі интернатқа жеткізеді екен. Жаңа автобустарда әр орындықта қауіпсіздік белдіктері, сары түсті жарқылдауық маяк, тақтайшалар, стандарттарға сәйкес өрт қауіпсіздігінің шаралары қарастырылған.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының ұдайы бақылауында. Облыстық патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мектеп автобустары ҰБТ, жарыстар, экскурсияларға барған уақытта үнемі ілесіп жүреді. Бұл аса жауапты жұмыс. Мысалға, 2019 жылдың мамыр айында Рощинское селосының маңында республикалық автожолда Петропавлдан 11 баланы Тайыншаға апара жатқан «ГАЗель» автокөлгінің капоты астынан түтін шыққан.«Lada Vesta» қызметтік автокөлігімен бараларға ілесіп жүрген құрамында патрульдік полицейлер Жігер Балтабай мен Батырхан Молдажанов бар экипаж шұғыл әрекет етіп, шара қабылдай отыра жазатайым оқиғаның алдын алған. Қаңтар айының басынан СҚО полицейлері балалар мінген автобустарға 7 рет ілесіп жүруді жүзеге асырған.

2021 жылдың 12 айында СҚО-да балалардың қатысуымен 53 жол-көлік оқиғасы тіркелген, нәтижесінде 4 бала қайтыс болған және 61-і жарақат алған.