
Құрметті Петропавл қаласының тұрғындары мен қонақтары!
2022 жылғы 19 қаңтар Крещение мерекесі күнінде Есіл өзеніне суға түсудің өткізілуіне байланысты қалалық жағажай мен өзен порты аудандарында екі арнайы орын жабдықталады.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аталған учаскеде жүк көліктерінің жүруіне шектеу қойылады. Қозғалыс Петропавл қаласын айналып өту арқылы жүзеге асырылады. Нақтырақ айтқанда, Мамлютка қаласы жағынан кіретін жүк көліктері үшін - Петропавл қ. су торабы арқылы (20 ықшам аудан), Бескөл ауылы жағынан кіретін жүк көліктері үшін - Жұмысшы кенті бағытында Р-49 «Петропавл айналма жолы» арқылы.