
«Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 611 Жарлығының талаптарына сәйкес, терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел штабтың шешімі бойынша Солтүстік Қазақстан облысының аумағында 2022 жылғы 13 қаңтардан бастап, мерзімі 14 тәулікке террористік қауіптің бірқалыпты («сары») деңгейі белгіленді.
Құқық қорғау органдарының жұмысына түсіністікпен қарап, олардың заңды талаптарын сақтауларыңызды сұраймыз.
Солтүстік Қазақстан облысының
терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы