
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Жарлығымен Солтүстік Қазақстан облысында 13 қаңтардан бастап төтенше жағдай режимі тоқтатылды. Осыған орай, төтенше жағдай режиміне байланысты бұрын енгізілген шектеулер алынады. Террористік қауіптің сары деңгейіне байланысты терроризммен күрес жөніндегі облыстық жедел штабтың шешімімен өңірде блок бекеттер жұмысын жалғастырады.
Ішкі істер органдарының жеке құрамы бұрынғыдай ерекше режимде жұмыс істеуде. Қоғамдық тәртіп пен аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық маңызы бар объектілерді күзету жалғасады. Петропавл қаласының айналасына және Солтүстік Қазақстан облысына қойылған блок бекеттерде жеке басты куәландыратын құжаттарды тексеруді көздейтін бақылау-өткізу режимі жалғасады.
Төтенша жағдай енгізілгеннен бері өткізу пунттерінен 30 мыңнан аса көлік құралы өтті. 494 көліктің өтуіне тыйым салынды. Осы күндер ішінде төтенше режимін бұзудың 120 фактісі анықталды, негізінен олар коменданттық сағатты бұзғандар.