
Синоптиктердің болжамы бойынша, 14-15 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде тұман, қар күтілуде. Облыстың оңтүстік-батысында, батысында сырғыма болады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел облыстың оңтүстік-батысында, батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.
Полиция департаменті жүргізушілерден жолда аса сақ болуды, жылдамдық режимін, тиісті арақашықтықты сақтауды, алыс сапарға шықпауды, сондай-ақ қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды.