СҚО полицейлеріне ТЖ режимі бойынша call-орталыққа 4 күн ішінде 200 астам қоңырау түсті

СҚО полицейлеріне ТЖ режимі бойынша call-орталыққа 4 күн ішінде 200 астам қоңырау түсті

СҚО полицейлері облыс орталығында төтенше жағдай режимі мәселелері бойынша call-орталық жұмыс істейтінін еске салады. Петропавлда 8 (7152) 61-25-42 телефон нөміріне кез-келген уақытта қоңырау шалуға болады. 8 – 11 қаңтар аралығында осы нөмірге 225 қоңырау түсті. Оның 161-і блок бекеттерден өту мүмкіндігіне қатысты болды. Көбіне адамдарды жұмыс пен емделу үшін облыс орталығына өту мүмкіндігі алаңдатты. Тәртіп сақшылары ауылдықтарды сабырға шақырды: аталған себептер өту үшін негіз болып табылады, тек тиісті құжаттың болуы қажет. Қалған сұрақтар сауда объектілерінің, көңіл көтеру орындары мен спорт мекемелерінің коменданттық сағат кезіндегі жұмыс уақытына қатысты болды.

«Облыс тұрғындары мен қонақтары шектеу шараларымен байланысты барлық мәселелер бойынша call-орталыққа қоңырау шалуына болады, — деді СҚО комендантының орынбасары полиция подполковнигі Айдын Байматов. — Қызметкерлер толық консультация беруге дайын».

Полицейлер күдікті адамдар, жасалған, дайындалып жатқан немесе жасалуы мүмкін қылмыстар туралы «102» арнасына, сондай-ақ тұрақты интернет-байланыстың арқасында жұмысы қалыпқа келтірілген «102» мобильді қосымшасына хабарлауға болатынын еске салады.