СҚО мен Петропавл қ. аумағында ТЖ режимі кезінде қабылданған шектеулерге енгізілген өзгерістер

СҚО мен Петропавл қ. аумағында ТЖ режимі кезінде қабылданған шектеулерге енгізілген өзгерістер

Жедел жағдайдың тұрақталуына байланысты СҚО коменданты полиция генерал-майоры Марат Төлебаевтың 2022 жылғы 12.01. № 19 бұйрығымен келесі өзгерістер енгізілді:

- Солтүстік Қазақстан облысы аумағында сағат 12.00-ден 17.00-ге дейін алкоголь өнімдерін сатуға рұқсат етілді;

- Солтүстік Қазақстан облысы аумағында көңіл көтеру және ойын-сауық орындары, дәмханалар, тойханалар, барларға алкоголь өнімдерін сағат 12:00-ден 17:00-ге дейін сату құқығымен сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді.