
Солтүстік Қазақстан облысының коменданты полиция генерал-майоры Марат Төлебаев жедел жағдайдың тұрақталуына байланысты Төтенше жағдай кезеңінде шектеу шараларын қолдану туралы бұйрыққа өзгерістер енгізді. Жекелей алғанда, 2022 жылғы 12 қаңтардан бастап СҚО аумағында күндізгі сағат 12.00-ден кешкі сағат 17.00-ге дейін алкоголь өнімдерін сатуға рұқсат етілді. Көңіл көтеру және ойын-сауық орындары, дәмханалар, тойханалар, барлардың жұмысы алкоголь өнімдерін сағат 12:00-ден 17:00-ге дейін сату құқығымен сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін шектелді.