СҚО-да алкогольді заңсыз сату фактілері анықталды

СҚО-да алкогольді заңсыз сату фактілері анықталды

Солтүстік Қазақстан облысында Төтенше жағдай режимі кезінде спирттік ішімдіктерді сатуға тыйым салынды. Осыған қарамастан, кейбір сауда нүктелері алкоголь сатуын тоқтатпаған. Петропавлда осындай құқық бұзушылық жасаған 5 дүкен, Шал ақын ауданында тағы екі дүкен анықталды.

«Енгізілген шектеулер, алдымен, еліміздегі төтенше жағдайға байланысты. Біздің өңірімізде жағдай қалыпты, алайда, құқықтық тәртіп бұзушылықтарына ықпал ететін алғышарттарға жол бермеу қажет. Жалпы, халықтың барлық шектеу шараларына түсіністікпен қарайтынына сенімдімін. Олар қазіргі уақытта қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету маңызды екенін жіті түсінеді», - деп атап кетті Солтүстік Қазақстан облысының коменданты полиция генерал-майоры Марат Төлебаев.

Бес күннің ішінде Солтүстік Қазақстан облысында ҚР ӘҚБтК 476-бабы бойынша ТЖ режимін бұзғаны үшін 85 адам ұсталды. Бұзушылықтардың басым бөлігі коменданттық сағатты бұзумен байланысты. Түнгі сағат 23-тен таңғы сағат 7-ге дейін үйлеріңізден шығуға тыйым салынатынын ескертеміз.