
Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің алдында еліміздің қалаларында террористермен күресте әскери және қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілерді еске алуға арналған аза тұту рәсімі өтті.
Ішкі істер органдарының ардагерлері, облыстық полицияның басшылығы, басқармалар мен бөлімдердің бастықтары – қаза тапқан тәртіп сақшыларының портреттері қасында солтүстікқазақстандық полиция офицерлері сап түзеді. СҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Марат Төлебаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 10 қаңтар - Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялағанын атап өтті.
«Бейбіт азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және террористердің шабуылын тойтару кезінде 8 полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметішісі қарулы қылмыскерлердің қолынан қаза тапты. Ерлік пен батылдық танытып, олар өздерінің қызметтік және әскери борышын адал атқарды. Олардың есімі есімдері әріптестері мен барлық Қазақстан халқының жүрегінде мәңгі қалмақ», - деді солтүстікқазақстандық полицияның басшысы.
Аза тұту рәсімінде бір минут үнсіздік жарияланды. Қаза тапқан тәртіп сақшыларының портреттері облыстық полиция ғимаратының фойесіне қойылды.