Солтүстік Қазақстан облысында 2022 жылғы 19 қаңтар 00 сағатқа дейін төтенше жағдай енгізілді

Солтүстік Қазақстан облысында 2022 жылғы 19 қаңтар 00 сағатқа дейін төтенше жағдай енгізілді

Солтүстік Қазақстан облысында 2022 жылғы 19 қаңтар 00 сағатқа дейін төтенше жағдай енгізілді. Коменданттық сағат - 23 сағат 00 минуттан 7 сағат 00 минутқа дейін.

• Петропавл қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысы шекараларында бақылау-өткізу режимі енгізілді және жеке басты куәландыратын құжаттар, жеке тексеріс, алып жүретін заттар, көлік құралдары тексеріледі;
• Петропавл қаласына және Солтүстік Қазақстан облысына кіру, сондай-ақ келесілерді қоспағанда одан шығу шектелді:

а) халықтың тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдардың қызметкерлері;
б) медициналық көрсетілім бойынша кіретін және шығатын адамдар;
в) стационарда емделудегі адамдардың шығуы;
г) транзиттік жүк көлігі;
д) жұмыс орнынан анықтама көрсеткен кезде жұмыс орнына баратын адамдардың көлігі;
е) тұрғылықты жеріне баратын адамдар;

• этил спирті мен алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салынды;

• алкоголь өнімдерін сату құқығынсыз көңіл көтеру, ойын-сауық орындары, дәмханалар, мейрамханалар, барлар сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмысы шектелді;

• жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер мен ереуілдер, сондай-ақ ойын-сауық, спорттық және басқа да іс-шараларды өткізуге тыйым салынды;

• жол шетіндегі дәмханалардың жұмысы тоқтатылды;

• көтеріліс өткізуге тыйым салынды;

• көшірме жасау-көбейту техникасын, радио- және телетаратқыш аппаратураларды, аудио-фото және бейнежазба жүргізетін техникаларды пайдалану шектелді.

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #Polisia #Полиция #Police #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО