
Мереке күндері полиция қызметтің күшейтілген түрінде қызмет атқарады. Облыс бойынша адамдардың қауіпсіздіктерін 410 полиция қызметкері қамтамасыз етеді. Жаппай мерекелік іс-шаралардың өткізілмеуіне қарамастан, тәртіп сақшылары Петропавлда жасақтар санын ұлғайтып, адамдар көп жиналуы мүмкін орындарға жіберіледі. Облыс тұрғындарының сүйікті мерекелерін тыныш қарсы алулары үшін полиция жеке құрамының 30 % жұмыс орындарында болады. Күш пен құралдарға басқаруды облыс бойынша жедел кезекші жетекшілік ететін кезекші ауысым жүзеге асырады. Қаңтардың 1-і сағат 08:00-ге дейін өңірдегі құқықтық тәртіптің жағдайы туралы ақпарат жинайды, бөліністердің іс-қимылдарын үйлестіреді.
Бұл ең тәжірибелі қызметкерге сеніп тапсыратын барынша жауапты лауазым. Полиция подполковнигі Нұрлан Құсайынов 2022 жылды жұмыс орнында қарсы алады. Оның жедел кезекшілікке түсіп жүргеніне біраз жылдар болған, алайда жаңа жылдық түнде кезекшілікке түсуі алғашқы рет.
«Тәжірибе көрсеткендей, СҚО-да Жаңа жылды мерекелеу тыныш өтеді, - дейді ол. Шақыртулар саны, әдетте, қаңтардың алғашқы күндері артады. Дегенмен, мереке күні кезекшілікке түсу – үлкен жауапкершілік».
Кезекші ауысымды СҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Марат Төлебаев жеке өзі құттықтады. Петропавл қ. ПБ Жедел басқару орталығы залынан барлық кезекші қызметкерлерді, полиция ведомствосының жеке құрамын, облыс тұрғындары мен қонақтарын құттықтап, Жаңа жылда тыныштық, жылылық пен жайлылық тіледі. «Полицияның басты міндеті – азаматтардың қауіпсіз өмір сүруіне жағдай жасау. Жерлестеріміздің тыныштықтары мен қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету үшін осы мереке күндері біз қызметтің күшейтілген түрінде қызмет атқарамыз», - дейді ол.