СҚО полицейлері құқықтық тәртіпті сақтауда көрсеткен көмектері үшін облыстың 230 тұрғынын марапаттады

СҚО полицейлері құқықтық тәртіпті сақтауда көрсеткен көмектері үшін облыстың 230 тұрғынын марапаттады

Азаматтардың құқықтық тәртіпті сақтауға қатысулары – қоғам тұрақтылығына және заңдылықты нығайтуға қажетті жағдай. СҚО-да полицияның ерікті көмекшілері белсенді жұмыс істейді, оларды патрульдеуге, учаскелік полиция пункттеріндегі бейнебақылауға және қоғамдық тыныштықты сақтаудағы басқа да жұмыстарға тартады. Бей-жай қалмайтын адамдардың тұлғаға не мүлікке қол сұғушылықтың жасалуына жол бермей, қылмыскерді байқап қалып, шошыту не ұстау, із-түзсіз жоғалған тұлғаны үйіне қайтаруға көмек көрсетуі сияқты жағдайлар аз емес.

Жыл соңында СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Руслан Назаров 59 жасар петропавлдық Светлана Морозованы бағалы сыйлықпен марапаттады. «Жерлесіміздің араласуы қылмыстың алдын алуға және күдіктіні «ізін суытпай» ұстауға септігін тигізді, - дейді ол. - Адамдардың белсене араласуы құқықтық тәртіптің кепілі екендігінің айғағы».

Жыл басынан СҚО полицейлері қоғамдық орындарда заңдылықты сақтауға, қылмыстарды ашуға және жолын кесуге көмектескені үшін облыстың 230-дан астам тұрғынын марапаттады.