СҚО әйел полицейлері аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды мерекемен құттықтады

СҚО әйел полицейлері аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды мерекемен құттықтады

Солтүстікқазақстандық полицияның Әйелдер кеңесі мүшелері көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады. Сыйлықтардың арасында – ең қажетті заттар, азық-түліктер мен балаларға арналған тосынсыйлар да бар. Қайырымдылық акциялары – Әйелдер кеңесі жұмысының дәстүрлі бағыттарының бірі болып табылады.

Солтүстікқазақстандық полицияда 2 мыңнан астам қызметкердің төрттен бір бөлігін әйелдер құрайды. 583 нәзікжанды ер азаматтармен қатар қызмет атқарып, тәртіп сақтайды. Оның 373-і – погон тағып жүрсе, қалғандары — мемлекеттік қызметшілер және еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін қызметкерлер. Олар әр түрлі бөліністе қызмет атқарады, басым бөлігі ювеналдық полицияда, тергеу және анықтауда, яғни әйелдерге тән табандылық, ұқыптылық, сезімталдық сынды қасиеттер талап етілетін қызметтерде еңбек етеді. Ер азаматтармен қатар қызмет атқара отыра, отбасына да уақыт тауып қамқорлық танытып, қоғамдық жұмыстарға да уақыт табады.

СҚО ПД Әйелдер кеңесінің құрамына 18 қызметкер кіреді, – дейді СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Қапез Дәулетбаев. – Әйелдер кеңесі мүшелері міндеттерінің ішінде – әйелдердің құқығы және зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша тренингтер өткізу, түрлі іс-шаралар ұйымдастыру, әйелдер мен олардың отбасы мүшелерінің өтініштері мен арыздарын қарау да бар. Сондай-ақ, олар гендерлік саясат мәселелері бойынша ҚР заңнамасын жетілдіруге ұсыныстар енгізе алады. Әсіресе, олардың жұмысының маңызды әрі ерекше бөлігі қайырымдылық жасау болып табылады. Балаларға қолдау көрсетіп, қуаныш сыйлау – погондағы нәзік жандылардың басты міндеттерінің бірі».