Құрметті Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтары!

28 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде синоптиктердің болжамы бойынша сырғыма, көктайғақ күтілуде. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін.

Осыған байланысты ауа райының өзгерістерін ескере отырып, алыс сапарға шықпауларыңызды сұраймыз. Жолға шығар алдында көлік құралының техникалық жағдайын тексеріп алуды естеріңізге саламыз.

СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы