
Солтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпорындардың бірінің жұмысшылары электрсымдары ұрлығына күдіктелуде. Қызылжар ауданының полиция қызметкерлері ұзындығы 11 шақырымнан асатын электр тасымалдаудың резервтік желісінің сымдарын ұрлау туралы қылмыстық істі тергеуде. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 2,5 миллионды құрайды. Аудан орталығы Бескөл ауылынан Трудовая Нива ауылына дейінгі учаскеде жоғары вольттық бағандардағы сымдардың жоғалғанын анықтаған аудандық электр желісін тарату станциясының бастығы желтоқсан айының басында полицияға жүгінді.
Жедел-тергеу тобы қызметкерлерінің күдігі, алғашқы кезекте, электржабдықтау саласында жұмыс машықтары бар деген адамдарға түсті. Қауіпті учаскелердегі криминалдық кәсіптің тамыз айында басталғаны анықталды. Қазіргі уақытта ұрланған сымдарды алу бойынша жұмыс жүргізілуде. Ұрланған сымдардың металл қалдықтарын қабылдау пункіттеріне өткізілгені белгілі болды.
Ұрлық фактісі бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілер – АЭС жұмыс істейтін Бескөл ауылының тұрғындары.