
44 жастағы Көкшетау қ. тұрғыны Алексей Кушенов өзінің «Нұр-Сұлтан—Петропавл» автожолында қауіпті жағдайға тап болғаны жайлы айту үшін СҚО Полиция департаментіне қоңырау шалған.
22 желтоқсанда ол «ВАЗ-2106» көлігімен үйіне қарай бет түзеген. Боранды түн, айналада түк көрінер емес. Рублёвка а. маңында көліктің шамы көмескі тарта бастаған. Жүргізуші көлікті тоқтатса, кейін оны оталдыру мүмкін болмайтынын сезініп, сапарын жалғауды жөн көрген. Алайда тоқтауына тура келген. Аялдауды құрамында полиция капитаны Рият Аңдаспаев пен аға лейтенант Нариман Бекпаев бар СҚО ПД патрульдік полиция батальоны экипажы талап еткен.
«Көлігімнің артқы габариттік шамы жанбай қалғанын және дөңгелектің желі шығып кеткенін сол кезде ғана білдім,—дейді Алексей.—Полицейлер түсіністікпен қарап, троспен сүйреп оталдыруға көмектесті, жақын жердегі көлік жүргізушілері тоқтайтын жерге жеткізіп салды. Басқа экипажбен байланысқа шықты, одан әрі менімен полиция капитаны Андрей Новицкий мен аға лейтенант Батырхан Молдажанов ілесіп жүрді...»
Айта кететін болсам, Молдажанов маған көмек беруге келіскен адамды тауып алды. Түн жарымында уақытпен санаспай, Рощинск а. тұрғыны Александр Хомич «қосалқы доңғалағын» әкеліп, жарық құрылғыларының сөнуіне себеп болған генератордағы ақауды жөндеуге көмектеседі. Риза болған көкшетаулық қол ұшын бергендерге алғысын білдірді.«Жас кезімнен көлік жүргізіп келемін, түрлі жағдайлар кездеседі, айналып өтпей өзім де жолда адамдарға көмектескен едім. Істеген жақсылығың алдыңнан шығады деген сөздер ойға оралады. Осындай абзал жандарды кездестіріп, олардың көмегі арқасында аман-есен үйіме жеттім».
Келесі күні Кушенов Хомичке қосалқы дөңгелегін қайтарған және полицейлерге алғыс білдіру үшін СҚО ПД телефонын іздеген.