
СҚО-да полицияның түрлі бөліністерінің 600 аса қызметкері күшейтілген режимде қызмет атқарады. Жаңа жыл мерекелері қарсаңында қоғамдық қауіпсіздікті күшейту – 22-26 желтоқсан аралығында өтетін «Құқықтық тәртіп» облыстық жедел-профилактикалық іс-шарасының мақсаты.
Қоғамдық орындардағы қауіпсіздікке ерекше көңіл бөлінеді. Масаң күйде келу – ең көп таралған құқық бұзушылықтардың бірі. ЖПІШ екі тәулігі ішінде полицейлер 74 адамды жауапкершілікке тартты. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың алкоголь ішуінің 7 жағдайы анықталып, олардың ата-аналарына қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Айта кететін болсақ, жеті заңды өкіл кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тартылды. Сонымен қатар, ұсқа бұзақылықтың 29 фактісі анықталды.
««Жалпы іс-шара барысында полиция қызметкерлері жергілікті жердің жағдайы ескеріліп қойылған ауқымды міндеттерді шешеді, — дейді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қанат Айтбаев. — «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ аясында 425 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде жартысынан астамы қыс кезінде қатаң сақтау аса өзекті болып табылатын ЖЖЕ бұзушылықтармен байланысты. Сонымен қатар, әр түрлі есепте тұрған 1000-нан аса адам тексерілді, олардың тарапынан белгіленген талаптарды бұзудың 11 фактісі анықталды. Бұдан бөлек, учаскелік инспекторлар жалғыз тұратын 500-ге жуық зейнеткерді тексерді».
Тәртіп сақшылары облыс тұрғындары мен қонақтарынан заңнама талаптарын сақтауды және заң бұзушылықтар жайлы полицияға хабарлауды сұрайды.