СҚО-да жыл басынан масаң күйінде көлік жүргізген мыңнан астам жүргізуші көлік басқару құқықтарынан айырылды

СҚО-да жыл басынан масаң күйінде көлік жүргізген мыңнан астам жүргізуші көлік басқару құқықтарынан айырылды

СҚО полицейлері жол-көлік оқиғаларын жасаудың негізгі себебі жүргізушілер тәртібінің төмендігі дейді. Көлік жүргізушілердің мәдениетін арттыру және апаттылық санын төмендету үшін тәртіп сақшыларымен ұдайы негізде белгілі бір жұмыстар атқарылады. Жыл басынан 19 профилактикалық іс-шаралар өткізілді, оның 6 – «Қауіпсіз жол», 3 – «Автобус», 8 – «Мас жүргізуші», және 2 – «Абайлаңыз: балалар!». Барлық ЖПІШ нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасы Жол жүрісі ережелерінің 60 мыңнан астам бұзушылығы анықталды. ЖЖЕ өрескел бұзған жүргізушілерге заңнамамен қарастырылған ең қатал шаралар қолданылады. Мәселен, СҚО-да қаңтардан 1 мыңнан астам жүргізуші масаң күйінде көлік жүргізгені үшін жеті жылға басқару құқықтарынан айырылды.

Заманауи техникалық құралдар пайдаланылады: республикалық маңызы бар автожолдарда жылдамдықты өлшейтін 5 құрылғы, Петропавлда ЖЖЕ бұзушылықтарын тіркеудің 7 автоматтандырылған жүйесі. Барынша апаттық қауіпті учаскелерге полицейлер патрульдік машина макеттерін, сондай-ақ жануарлар мен балалардың макеттерін қояды. Жол шетіндегі мұндай макеттер жүргізушілердің көздеріне түседі.

«Жол-көлік оқиғаларының профилактикасы әлеуметтік жарнама арқылы да жүргізіледі: адамдар көп жиналатын орындарда, қоғамдық көліктерде аудио-бейнероликтер жіберіледі, - деп толықтырды СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Айдын Байматов. – Сондай-ақ, үгіт материалдары, қазіргі кезде адамдар көп ақпарат алатын әлеуметтік желілерде таратылды. Облыста 11 айдың ішінде барлығы 236 жол-көлік оқиғасы орын алды, онда 34 адам қаза тауып, 304-і түрлі жарақаттар алды. Түптеп келгенде, жол жағдайын жақсартуға тек сақтық пен жол жүрісіне қатысушылардың құқықтық санасы көмектеседі. Барлық облыс тұрғындарын жолда абай болуға және жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға шақырамыз».