
Жуырда Петропавл полициясына қалада бомба қойылды делінген хабарлама түсті. Белгісіз ер адам: «Петропавл қаласындағы үйлердің біріне жарылғыш зат қойылды, қай үйде екендігін өздерің іздеңдер» деп хабарлаған. СҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бір сағаттың ішінде қоңырау шалған адамды ұстады. Ол алкогольдік ішімдік ішкен, облыстың аудан тұрғының бірі болып шықты. Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабы «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдікті 2018 жылы осындай қылмыс жасағаны үшін сотталған, бостандыққа 2019 жылы шыққан.
«ҚР Қылмыстық кодексі 273-бабының санкциясы жалған терроризм үшін ауыр жазаны, яғни ірі көлемде айыппұл салудан бастап, бес жылға бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаны көздейді, - деп хабарлады СҚО ПД ЭҚІҚБ бастығы полиция полковнигі Руслан Жарасбаев. – Облыста соңғы 5 жылдың ішінде 15 «телефон террорисі» ұсталды. Оның 8-і психикалық дені сау деп танылып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Ал, қылмыстың 7-уі алкогольдік масаң күйде жасалған».