Солтүстікқазақстандық полицейлер майдангер Григорий Красильниковті 100 жылдық мерейтойымен құттықтады

Солтүстікқазақстандық полицейлер майдангер Григорий Красильниковті 100 жылдық мерейтойымен құттықтады

Полицейлер мен Полиция департаменті ардагерлер кеңесінің ақсақалдары майдангер Григорий Красильниковті 100 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Григорий Иванович Красильников 1940 жылы Свердлов облысынан әскерге қатарына шақыртылған. Қиыр Шығыста, Хабаровск өлкесінде орналасқан атқыштар полкіне түскен. Бұл оқу ротасы болатын, онда запастағы командирлерді дайындаған. 1943 жылға дейін сонда қызмет атқарған. Сәуір айының соңында әскер қатарындағылармен бірге Мәскеуге келген. Жаяу әскер қатарында соғысқан. Шығыс Польша аумағындағы ұрыста ауыр жарақат алған. 1945 жылдың 9 мамырын госпитальде қарсы алған. Қараша айында үйіне оралған. 1948 жылы КСРО ІІМ Свердловск мектебіне оқуға түседі.

Тарату бойынша Солтүстік Қазақстан облысына таңдау түскен. Ширек ғасыр қылмыстық-атқару жүйесінде жедел лауазымдарда қызмет атқарған. Ол басқарған колония тың көтеру жылдарындағы құрылыстарға жұмылдырылған. Зейнетке 48 жасында шыққан, бірақ 80 жасқа дейін қызметін жалғастырған: аудан орталығы Сергеевкада еріктілер жасағын басқарып, жас қызметкерлермен тәжірибесін бөліскен. Төрт бала тәрбиелеп өсірген. Қазіргі таңда зейнет жасында бола тұра, белгілі ардагер газет, көркем әдебиетті, музыка тыңдауды жалғастыруда.

Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Марат Төлебаев пен ведомство ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Михаил Бедных майдангерге мықты денсаулық пен отбасының амандығын тілеп, құрмет көрсете отыра, ардагердің өмір жолы мен ішкі істер органдарындағы қызметі барлық полицейлер үшін жарқын үлгісі болып табылатындығын атап өтті. Григорий Иванович өз естеліктерімен бөлісіп, ыстық ықыластарына алғыс білдіріп, қазіргі заманғы тәртіп сақшыларына тыныштық, амандық пен сәттілік тіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында соғыстан кейінгі жылдарда 40 жылдары Ұлы Отан соғысында ұрыс даласында шайқасқан, ал соғысқан кейін солдат шинелін милициянікіне ауыстырған 770 аса майдангер құқықтық тәртіп қатарында қызмет еткен. Бүгінгі таңда біздің облыста тірі қалғандардың ішінде жалғыз Григорий Красильников қана. Ұзақ ғұмыр кешудің құпиясы: өз кәсібіңді, адамдарды сүю, өз біліміңді жетілдірумен айналысу және өмірді сүйе білу.