СҚО полицейлері қыс кезеңінің басынан 40-тан астам жол тексерістерін жүргізді

СҚО полицейлері қыс кезеңінің басынан 40-тан астам жол тексерістерін жүргізді

Автожолдарды қыста күтіп-ұстау сапасы – жол қозғалысы қауіпсіздігінің негізгі факторларының бірі. Қыс кезеңінің басынан ауа райының қолайсыздығы кезінде төтенше жағдайларға жол бермеу үшін әкімшілік полиция қызметкерлерінің тәуліктік кезекшілігі ұйымдастырылды.

Жолдарды тексеру жұмыстары ұдайы негізде жүргізіліп тұрады, олардың нәтижелері бойынша анықталған кешіліктерді жоюға ұйғарым шығарылады. Жекелеген жағдайларда әкімшілік ықпалы бар шаралар қабылдауға тура келеді. Мәселен, тәртіп сақшылары мен жол ұйымдары өкілдерінің бірлескен мақсатты тексерісі барысында республикалық маңызы бар жолдардың бірінің 6 учаскесін қар алғаны анықталды. Бұл шұғыл тежеуді қиындатадн және ЖКО болу қаупін арттырады. Жауапты тұлғаға қатысты ҚР кодексінің 631-бабы «Жолдарды, теміржол өтпелерін және басқа да жол құрылыстарын күтіп-ұстау қағидаларын бұзу» бойынша хаттама толтырылып, кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылданды.

Солтүстік Қазақстанның қолайсыз климаттық жағдайында жолдарды күтіп-ұстау қыста әсіресе өзекті, - дейді СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Серік Әлжанов. – Қыс кезеңінің басынан республикалық маңызы бар жолдарда жолдар мен жол құрылыстарының 26 тексеруі жүргізілді, кемшіліктерді жою туралы 19 ұйғарым шығарылды. Облыстық маңызы бар жолдарда 17 тексеріс жүргізіліп, 9 ұйғарым берілді. Бірқатар жауапты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жүргізіліп жатқан жұмыстың мақсаты – жолдардағы аппаттылық санын төмендету».