Солтүстікқазақстандықтар жолдағы көмек үшін полицейлерге алғыстарын білдірді

Солтүстікқазақстандықтар жолдағы көмек үшін полицейлерге алғыстарын білдірді

Instagram желісіндегі танымал пабликтердің бірінде Қызылжар ауданы Бескөл ауылы тұрғынының алғысы жарияланды. Желтоқсанның 16-сы кешкісін «Қостанай - Петропавл» автожолында Мамлют ауданы ПБ учаскелік полиция инспекторы Әлібек Осипов қызмет бабымен Дубровное ауылына бара жатып, жолда тұрған «Audi-80» көлігін көреді. Сынған көлік ішінде жүргізуші мен төрт жолаушы бір сағатқа жақын отырып қалады.

Полицей «Audi» көлігін буксирге алып, Дубровное ауылына дейін сүйреп жеткізді. Бейтаныс адамдарға көрсеткен көмегі, адамгершілігі және кәсібилігі үшін полиция майоры Әлібек Осиповке алғысымызды жеткізгіміз келеді, - деп жазады полицейдің іс-әрекетіне риза болған жолаушылардың бірі. Ол бізді селолық округ әкімдігі ғимаратына жеткізіп, ыстық шай берді, сол жерде жылындық». Сондай-ақ, учаскелік инспектор автомеханик тауып, онымен бірге машина жөндеуге көмектесті. Көп кешікпей бескөлдіктерге туыстары келді.

Екінші бір оқиға «Нұрсұлтан-Петропавл» автожолында орын алды. 41 жасар жүргізушінің көлігі істен шыққан. Оны патрульдік полиция батальонының қызметкерлері полиция аға лейтенанттары Евгений Вишневский мен Асхат Қамалиев байқайды. Олар «ВАЗ-1521» көлігін Астраханка ауылынан Келлеровка ауылына дейін буксирлеп жеткізеді. Сол жерде жолшыбай көліктерді тоқтатып, жүргізушіні Тайыншаға дейін отырғызып жібереді, өздері кезекшіліктеріне қайтады.

«Жеке құрам үшін басты бағдар – адамдарға көмек көрсету, - дейді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция половнигі Қанат Айтбаев. – ППБ қызметкерлері осындай оқиғаларға жиі кездеседі. Мұндай жағдайларда полицейлер барлық шараларды қолданып, жылдам әрекет етеді».